Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде 9 қазаннан бастап студенттердің қауіпсіздігі және қылмыстық әрекетке тартудың алдын алу бойынша түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде. Өткізілетін іс-шаралар барысында студенттер анонимді сауалнамаларды толтырады, студенттердің өздері тарапынан да, оларға қатысты да қауіпсіздік, құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Бопсалаудың алдын алу шараларының бірі ретінде азаматтардың жеке қауіпсіздік жүйесін дамытуды қарастырған жөн. Ересектерге (ата-аналарға, жақын туыстарына), топ кураторына, колледж психологына, әлеуметтік педагогқа қалыптасқан жағдай туралы уақтылы хабарлай білу. Үнсіз қалуға және ақшаны бопсалау мәселесін өзіңіз шешуге тырысуға болмайды!