Текст
Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде прокуратура өкілі А.Абушахмановтың студенттермен "Жасөспірімдерді есірткіден қалай қорғауға болады"тақырыбында кездесуі өтті. Бүгінгі таңда жастар арасында есірткіні қолдану мәселесі өте өткір. Әңгімелесу барысында студенттерге есірткі құралдарын қолданудың және синтетикалық есірткілерді заңсыз сатудың салдары, сондай-ақ заңсыз өткізу үшін заңды жауапкершілік туралы айтылды.