Текст
2023 жылдың 23 қарашада Ақмола облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен онлайн және оффлайн форматта, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі базасында «Тәлімгерлік жас педагогтың кәсіби қалыптасуының тиімді әдісі» тақырыбында жас педагогтармен және колледж әдіскерлерімен облыстық семинар өтті. Семинардың мақсаты: Жас педагогтардың кәсіби қалыптасуына көмек көрсету. Семинарда жас педагогтарға «Үздік педагог», республикалық байқау жеңімпаздары атанған тәжірибелі ұстаздар ашық сабақтар, шеберлік сыныптарын көрсетті. Семинарға колледждің жас педагогтары: Кенжетаева Қ.Ә., Шаймерденов Е.Т., Зубарь Д.А., Константинов Р.А. және әдіскерлер қатысты.