Текст
2023 жылғы 28 қарашада Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде "Бурабай" ЖРО психологы Г. А. Анисимованың колледж студенттерімен кездесуі өтті. Кездесу зорлық-зомбылық және ЖИТС-пен күресу тақырыптарына арналды. Әңгімелесу барысында Галина Аркадьевна балаларға өзін ЖИТС-тен қалай сақтау керектігі туралы айтып, студенттерді шетелде және біздің елімізде ЖИТС проблемаларымен таныстырды. Сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу және оларға қалай қарсы тұру тақырыбына назар аударылды. Кездесу барысында бейнероликтер көрсетіліп, балалар сұрақтар қойып, оларға жауаптар алды.