Текст
2023 жылғы 28 қарашада Жоғары техникалық колледждің акт залында құқық қорғау органдары өкілдерінің жатақханаларда тұратын студенттермен кездесуі өтті . Кездесу аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайтуға бағытталған әңгіме өтті. Әңгімеде кәмелетке толмағандардың қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы мәселелері қамтылды. Полиция қызметкерлері студенттерге өмірлік қиын жағдайда өзін қалай ұстау керектігін айтып, балалардың сұрақтарына жауап берді.