Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) шешіміне және 1988 жылы қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні жыл сайын бүкіл әлемде 1 желтоқсанда атап өтіледі.
Бұл күн Денсаулық сақтау мәселелерімен байланысты ең маңызды халықаралық күндердің бірі және хабардарлықты арттырудың, аурудан қаза тапқандарды тиісті түрде еске алудың және емдеу мен алдын алу шараларына қолжетімділікті кеңейту сияқты жетістіктерді атап өтудің негізгі мүмкіндіктерінің бірі болды.
Жоғары техникалық колледж студенттері бұл жолы өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, ЖИТС-инфекциясының алдын алуға бағытталған буклеттер мен парақшалармен шықты. Ақпараттық материал қала тұрғындарына таратылды, сондай-ақ тарату кезінде студенттер ЖИТС проблемалары туралы айтты .