Текст
Жоғары техникалық колледж кітапханасында ЭМ-21 тобының студенттерімен ҚР Тәуелсіздік күніне орай дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында еліміздің тәуелсіздігінің қалыптасу тарихына ерекше назар аударылды. Үстелге қатысушылар қазіргі Қазақстанның маңызды оқиғалары мен тұлғалары туралы өз білімдерімен бөлісті. Студенттер еліміздің белгілі авторларының шығармаларын да оқыды.Сондай-ақ, кітапханада "Айбыны асқақ,тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан"атты кітап көрмесі ұйымдастырылды