Текст
Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының қатысушысы Жанар Алтынбаевна Жакуповамен "Емірен жүрек, ел байрақ" диалог алаңы өтті. Жанар Алтынбаевна өз естеліктерімен, қиын күндер туралы пікірлерімен бөлісті. Студенттер сұрақтар қойып, жауаптар алды. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін қазіргі уақытта тарихшылар терең зерттеп жатқаны және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы қайғылы, бірақ маңызды кезең болып табылатыны атап өтілді.