Текст
20 желтоқсанда Жоғары техникалық колледж базасында қызмет көрсету саласы апталығы аясында "Мамандығы бойынша Үздік аспаз"кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға "Тамақтандыруды ұйымдастыру" және "кәсіптік оқыту (салалар бойынша)" мамандығының 2 және 3 курс топтары қатысты. Қатысушыларға "Күрделі гарнир мен тұздық қосылған котлет" және ұсынылған тағамдардан салат жасау ұсынылды. Байқауға қатысушылар тапсырмаға шығармашылықтарымен жақсы нәтиже көрсетті. Ықылас Жұмабек ОП-31-1 орын
Грушко Виталий ОП-33-2 орын
Жанатхан Еламан ОП 22-3 орын
біздің жеңімпаздарды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!!! Ұйымдастырушылар: В.А. Мамасалиева және О.В. Драбинская