Текст
Қысқы демалыстан кейін, 17 қаңтарда Щучинск қ. Жоғары техникалық колледжінің жатақханаларында тұратын студенттердің Бурабай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Р. К. Шатыбековпен және Ж. А. Жаксылыковамен кездесуі ұйымдастырылды.
Қызметкерлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық және әкімшілік заңнамасының негізгі баптарын студенттердің жадында тағы да жаңартты, студенттер балағат сөздер, темекі шегу және басқа да құқық бұзушылықтарға қатысты сұрақтар қойды.
Тәрбиешілер студенттерге жатақханада тұру ережелері, студенттің күн тәртібі туралы тағы да еске салды.