Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

Ф-21 тобының студенті: Сейлбекова Диана

21.04.2020

Ф-21 тобының студенті: Сейлбекова Диана

Еліміздің болашағы - жастардың қолында!

«Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында»

 Н.Ә. Назарбаев

 

       Жастар еліміздің әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатыстылығы жағынан алғанда, болашағы зор қоғамның маңызды бөлшегі. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Еліміздің бүгінгі  жастары  жаңа жағдайда заманауи мемлекеттің жасап жатқан сындарлы саясатының арқасында алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда. «Жастар-болашаққа апаратын алтын көпір»,- дейді дана халқымыз. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік- экономикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық – саяси өмірдегі ұстанымына олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық- саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз.

Жастар-болашақ қоғамды жасаушы күш болғандықтан, қоршаған ортаның белсенді буыны, елдің ертеңі ретінде, олардың тәрбиесіне баса көңіл аударуды уақыт талап етуде. Жастардың білім алу, мамандық таңдау, рухани ұстанымдарын қалыптастыру, қоғамдағы өз орнын табу секілді әлеуметтік кезеңдерден өтуі – өмір заңдылығы. Осы әлеуметтік кезеңдерде жеке адамның тұлға болып қалыптасуына көптеген жағдайлар әсер етеді.

«Отан отбасынан басталатындықтан», ата-ананың тәрбиесімен бойға даритын ізгілікті балабақшада дамытып, мектеп пен жоғарғы оқу орындарында рухани және дәстүрлі құндылықтарды жастардың санасына сіңіру – оның тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін маңызды іс. Елбасымыздың әрбір Жолдауына зер салсақ, онда жүктелген міндеттер, ең алдымен, жастарға жүктелген жауапкершілік екенін аңғаруға болады. Президентіміздің айтуынша, мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты –  лайықты тұлға ретінде болашақ ұлтжанды азаматты тәрбиелеу болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінін нұрландырып, ертеңін гүлдендіретін ұлағатты ұрпақ деп біледі.  Осының барлығы да, кең ауқымдағы жетістікке жету жолына барлық алғышарттары бар жастардың қозғаушы күші ретінде танылады.Мысалы,  «Нұр Отан » партиясы жастарға елімізді дамытудың маңызды стратегиялық ресурстарының бірі ретінде қарайды және олардың саяси өмірге белсенді қатысуына мүдделі. Партияның «Жас Отан» Жастар қанаты еліміздің өмірінде саяси және әлеуметтік-экономикалық негізгі бағыттары бойынша және жастар бастамаларын алға жылжыту орталығы болып табылады.

       Тіпті, Елбасымыз 2019 жылды жастарға арнаған болатын. Осыған орай көптеген іс-шаралар өтті, бұл бағдарламаның іске асуына зор үлесін қоскан.«Біз Қазақстанның болашағы саналатын жастарды қолдауымыз керек. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын» - деді Мемлекет басшысы. 

Қай заманда болмасын кез келген қоғам жастарының ең өзекті мәселелерінің бірі сапалы білім алу, жұмыспен қамтамасыз етілуі, тұрғын үй және өз ісімен айналысу болып табылады. Осы ретте жастармен қоғамдық әрі мемлекеттік бағытта жұмыс жүргізудің маңызы зор. Бүгінгі қоғам және мемлекет жастарға қолдау көрсете отырып, жеке дамып өсуіне жағдай туғызу қажет. Бүгіннің өзінде қазақ жастарының бет-келбеті мен жігер-мінездік сипаттамаларының өзгеруі туралы айтуға болады: жас тұлғалар арасында дербестік, өз тағдырына деген жауапкершілік, өз мүмкіндіктерін нақты бағалау іспетті қасиеттер өсіп келеді. Жас ұрпақтың санасында білім алудың маңыздылығы, өз денсаулығын жақсартуға деген көзқарас фактілері жоғарылап келеді, бұл жағымды жаңа трэндтер.  

Жастардың болашағы – бұл мемлекет болашағы. Жас ұрпақтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына кепілдік бере отырып, мемлекет өз кезегінде жалпы құқықтық мәдениет деңгейін жақсарта отырып, жастар арасында белең алып келе жатқан жағымсыз әрекеттерді болдырмауға ықпал етеді. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстандық жол» еңбегінде атап айтқандай: «Жас ұрпақ ірі мәселелерді шешу жолындағы қиындықтарды жеңе білуі, үнемі өзгеріп тұратын экономикалық және технологиялық ортада дұрыс бейімделе білуі қажет, әрі бұл жағдайды өз пайдаларына орай әрқашан екі қадам алда болулары тиіс».

Тілімізді,  ұлттық мүдделерімізді насихаттайтын да,  өзімізді-өзгелерге танытатын да, өскелең ұрпақ екені ақиқат.  Кезінде Конституциясын АҚШ жазып берген Жапония, білім алу үшін жастарын шетелге жіберді. Экономикасы мығым, ғылыми технологиялардың озық тұсын зерделеген жапон жастары алған білімдерін өз елінде бөлісіп, кәдеге жаратып, Жапонияны әлемдегі ең мықты елдердің біріне айналдырды.

Әрқашан ізденіп, білім алуға, ғылым үйренуге құлшыныс танытқан біздің жастар да, Елбасы бастамасымен құрылған «Болашақ» бағдарламасы арқылы әлемнің түкпір-түкпірінде білім алып жатыр. Нәтижесі де жоқ емес. Бірқатар болашақ түлектері қазіргі таңда ел дамуына үлестерін қосып, қызмет атқаруда.

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін,

-деп, Мағжан ақын айтқандай, еліміздің көк байрағын биіктететін де, әлемалдында оны танытатын да – жастар!

Болашағынан үміт күттіретін жас ұрпақтың білім деңгейін, шығармашылық қасиеттерін дамытуда барлық жағдай жасалу қажет. Елбасымыз, Н.Ә.Назарбаев әр жылғы өзінің халыққа дәстүрлі жолдауларында жастардың дұрыс тәрие алуы мен білім деңгейіне әрдайым ерекше көңіл аударуда. Себебі мемлекеттің болашағы талантты жастардың қолында.  

        Өте маңызды шешімдерді жасы үлкен даналар, көпті көрген ересектер қабылдағанымен,олар жастарға үлкен сенім артады. Жастардың білім алуы, жан-жақты болуы үлкен кісілердің қандай үлгі беретініне,ақыл айтатынына да байланысты. Олардың іс-әрекеттері, қиыншылықтардан өтуі арқасында біз өзімізге сабақ аламыз,ненің жақсы,ненің жаман екенін осыған орай шешуге тырысамыз.

Біздің халқымыз адалдық пен әділдікті пашеткен мерейі үстем, ұрпағы ұлағатты жұрт болатыны сөзсіз. Надандықтың емі – білім, тәкаппарлықтың емі – имандылық, яғни, мейірім, бауырмалшылдық. Олайболса, ойымызтүзу, ниетіміз таза болғай!

 

Просмотров: 582


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст