Текст
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие аясында оқытушы Э.В.Турищева ТТ-11 тобында "Сыбайлас жемқорлықсыз әлем"атты белсенді-интеллектуалдық ойынын өткізді.
Ойын пікірталас принципі бойынша өтті, онда оқушылардың әрқайсысы өз алдына қойылған сұрақтарға жауап беріп, әр мәселе бойынша өз пікірін тұжырымдады.Қатысушылар өз ұстанымдарын анықтап, мәселені шешу жолын ұсынды.
Қорытындылай келе, талқылау барысында әр қатысушының рөлі атап өтілді.