Текст
Халықаралық балалар мен жасөспірімдер кітабы күні аясында жоғары техникалық колледж кітапханасында студенттерді оқуға тарту үшін "бірге кітап оқимыз" тақырыбында библио-кросс өткізілді.
Библио-кросстың негізгі мақсаты-кітапті және кітап оқуды насихаттау, оқылғаннан қорытынды жасауға үйрету, шығарманы жақсы есте сақтауға және түсінуге көмектесу, сонымен қатар жаңа түскен әдебиеттің жаңалықтарына ғана емес, ұзақ уақыт бойы жақсы көретін немесе ұмытылған кітаптарға деген қызығушылықты ояту. Аталған іс-шараға У-12 тобының студенттері белсенді қатысты.