2024 жылдың 19 сәуірінде 04110100 «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша оқитын У-31 бітірушілер тобының студенттері арнайы экономикалық пәндер оқытушылары Н.С. Дюсембаевамен және А.Ю. Зубовпен бірге Халық банкінің аудандық бөлімшесін аралады.
Экскурсия барысында бөлімше басшысы Унайбеков Р.Ж. студенттерді бөлімшенің ұйымдастырушылық құрылымымен, еңбек тәртібімен, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерімен және жұмыс бағыттарымен таныстырды.
Студенттерге бос жұмыс орындары, еңбек жағдайлары, жұмысқа орналасу үшін тағылымдамадан және тестілеуден өту ерекшеліктері туралы ақпарат берілді.
Экскурсия кезінде болашақ бухгалтерлер сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды. Кездесу соңында студенттер қызықты мен пайдалы ақпарат үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Мұндай іс-шараларды өткізу студенттердің кәсіптік бағдарлану деңгейін, олардың еңбек нарығының жай-күйінен хабардар болуын арттырады, сонымен қатар түлектердің жұмысқа орналасуына көмектеседі.
Оқытушылар Н.С. Дюсембаева және А.Ю. Зубов