18.05.2020
Бүгін Жоғары техникалық колледждің СВ-11 тобының сабағы барысында "Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай" тақырыбындағы "Адалдық сағаты" өтті. Ұлы ақынымыз ағартушылық пен насихаттау жолында халқымыздың әлеуметтік жағдайына көңіл бөліп, әсіресе жастарға рухани жағынан дамуына өзінің шығармалары арқылы үлкен үлес қосқан. Абайдың қара сөздері мен өлеңдері әрбір оқырманды айрықша сезімге және терең ойға апарады. Бейнероликте көрсетілген мысалдар студенттерге Ұлы данамыздың ақыл сөздерін естеріне түсіріп, жастардың барлық істерін адал және әділ жолға бағыттауға ынталандырады. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай әрбіреуіміз ақынымыздың өлең шығармаларын бір мәрте еске түсіріп оқысақ, рухани деңгейіміз көтеріліп, адалдық қасиеттеріміз артады деген сенімдеміз.