Текст
"Игі істер автобусы" жобасын іске асыру аясында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің студенттері белсенді еріктілер қызметін жалғастыруда.
Бүгін, 3 маусым күні ТОР-11 тобының бірінші курс студенттері өздерінің кураторы А.Ж. Мусинмен бірге Еңбек ардагері Людмила Кимовна Бочаговаға көмек көрсетті. Балалар картоп отырғызды, шөп шабып, су қорымен қамтамасыз етті, үй маңындағы аумақты абаттандыруға көмектесті.
Людмила Кимовна, ТОР-11 тобының кураторы А. Ж. Мусинға үлкен алғысын білдірді. А.Ж.Мусин төрт жыл бойы еңбек ардагеріне көмек көрсету бойынша жұмысты тұрақты негізде ұйымдастырып келеді.