Текст
Щучинск қаласы Жоғары техникалық колледждің 1 курс студенттері ОСП-11 тобында «Қандай дыбыс естіп тұрсың?» атты дидактикалық ойыны өткізілді. Ойынның мақсаты:Дыбыстардың айырмашылығын таба білу білімдерін қалыптастыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, есту және естіген дыбыстарын айтып беруге дағдыландыру.
Дидактикалық ойын «Жаңылтпаштар»,«Кім жылдам оқиды?",«Мақал – сөздің мәйегі», «Ұйқасын тап!» деп аталатын кезеңдер бойынша өткізілді.Білім алушылар барлық кезең бойынша тапқырлықтарын,алғырлықтарын көрсетіп,белсене қатысты.