«Мемлекетті өз валютасыз құру мүмкін емес. Валюта - бүкіл экономиканың қан тамырлары»
Н. А. Назарбаев
13.11.2020ж. бухгалтерлік-технологиялық бөлімінің студенттері арасында Қаржыгер күнін (Ұлттық валюта) мерекелеу аясында оқытушылар Жунусова А.Б., Ауелбеков Е.Е., Жунусова Ж.Н. мемлекет тәуелсіздігінің символдарының бірі - ұлттық валюта - теңгеге арналған сыныптан тыс онлайн-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
1. Ұлттық валютаның мемлекет экономикасындағы рөлін көрсетіу.
2. Азаматтық жауапкершілікті, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ықпал ету.
3. Студенттердің іскерлік қасиеттерін, арнайы пәндерді оқуға шығармашылық қатынасын, таңдаған кәсібіне құрметпен қарауды дамыту.
Іс-шара барысында ұлттық валютаның саяси және экономикалық маңыздылығы айтылды, студенттер Банкнот фабрикасының жұмысымен, мемлекетіміздің Монета сарайымен, ақша жасау кезіндегі жасампаздықтың қыр-сырымен, сондай-ақ айналымнан алынған ақшаның өңделуімен танысты.
Теңге тәуелсіздіктің негізі ғана емес, сонымен бірге мемлекетіміздің толыққанды бөлігі, заманымыздың белгісі, ұлтымыздың мақтанышы.
Қазақстандық теңге үнемі халықтың игілігі үшін қызмет етіп, елдің байып, өркендеуіне үлес қоссын.
Бухгалтерлік-экономикалық
пәндер оқытушылары
Жунусова А.Б.
Ауелбеков Е.Е.,
Жунусова Ж.Н.