Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжде 15 желтоқсан күні колледждің Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Отырыс нәтижелі өтті, қамқоршылық кеңестің 10 мүшесі қатысты, 3 дәлелді себеппен болмады.
Келесі мәселелер қаралды: колледждің 2021 жылғы жұмыс қорытындысы - баяндамашы Ш. Ж. Оразалин
Қамқоршылық кеңестің төрағасы О.Б. Нурмағамбетов – колледждің Қамқоршылық кеңесінің 2022 жылға арналған құрамын бекіту туралы сұрақтармен сөз сөйледі (қосымша сайлау, қайта сайлау). Колледждің Қамқоршылық кеңесі жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды. 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылап, бекітті. Олжас Байбулатович Қамқоршылық кеңес мүшелерінің назарына 1 - курс ата-аналар қоғамдастығы өкілдерінің құрамына бір адамды қосымша сайлау қажеттілігі бар екенін жеткізді.