01.05.2021
Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің студенттері 1
мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған іс-шараларға
белсенді қатысуды жалғастыруда!
Колледжде өткізілетін барлық іс – шаралардың ең белсенді
қатысушылары - ЭА - 21 тобы, кураторы Г.К. Даулетова, сондай-ақ осы
топтың студенті, сурет сайыстарының тұрақты қатысушысы - Владислав
Балиёв. ЭМ-11, МТ-11, У-11 және ПО-12 тобының студенттері электрондық
ашық хат жасау конкурсына белсенді қатысқандары үшін атап кетуіміз
керек!
Біз студенттерімізге әрқашан белсенді, жанашыр болуды тілейміз! Ал
барша Қазақстан халқына бақ - береке, бейбітшілік, денсаулық тілейміз! Әр
адамның бақыты - елдің ұлы болашағын жасаушы бөлігі!